Қант импортының квотасы артты

746

Қазақстан қант импортының квотасын арттырды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. 

Қант импортының квотасы артты

Министр Бақыт Сұлтановтың қатысуымен өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында Қазақстанның ақ қант пен шикі қантты бажсыз жеткізу квотасын тағы 100 мың тоннаға арттыру туралы ұсынысы мақұлданды.

"Негізгі импорттаушы елдер – Ресей мен Беларусь. Бұл елдерден экспорттың шектелуіне байланысты Қазақстан жаңа жеткізушілерді іздеуге мәжбүр. Біз Еуразиялық экономикалық комиссияға кедендік баждың нөлдік мөлшерлемесі бойынша қантқа арналған квотаны ұлғайту туралы өтініш жасадық", – деді министр.

Қант әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары болып саналады, ол басқа да бірқатар өнімнің бағасына әсер етеді. Осыған байланысты міндет тек тапшылықтың алдын алу ғана емес, қазақстандық тұтынушылар, оның ішінде тамақ өнеркәсібінің жекелеген секторлары – кондитерлік өнімдер мен алкогольсіз сусын өндірушілер үшін қант құнын тұрақтандыру және төмендетуді қамтамасыз ету.

Осылайша, Қазақстан биыл тамыздың соңына дейін кедендік баж салығын нөл деңгейінде сақтап, жалпы көлемі 350 мың тоннаға дейін ақ қант пен шикі қантты импорттай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу