Қант қызылшасы жоспардан артық егілді

687

Егіс жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқым, агрохимия, техника және қаржыландырумен қамтамасыз етуге байланысты барлық мәселелерді үйлестіру мақсатында Республикалық жедел штаб құрылды. Оның құрамына барлық мүдделі органдар мен ұйымдар, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары енгізілді.  

Қант қызылшасы жоспардан артық егілді

Егін егу науқанының барлық мәселелері осы штаб аясында шешілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Облыс әкімдіктерінің 7 маусымдағы жедел деректері бойынша, егіс жұмыстары Ақтөбе (97,7%) және Батыс Қазақстан (86,2%) облыстарынан басқа барлық облыстарда аяқталды. Аталған облыстарда егіс жұмыстары егіс кезеңіндегі жауын-шашынға байланысты созылды, онын аяқталуы ағымдағы аптанын сонына дейін жоспарлануда.

Мысалы, жаздық дақылдар 19,8 млн га немесе белгіленген жоспардың 100,2% (жоспар 19 835,3 мың га), картоп 189,6 мың га (99,4%, жоспар 190,7 мың га), көкөніс-бақша дақылдары 269,2 мың га (97,4%, жоспар 276,5 мың га), көпжылдық шөптер егілді 429,6 мың га (99,7%, жоспар 430,7 мың га). 

Майлы дақылдар 3,1 млн га (жоспар бойынша 3 094 мың га), қант қызылшасы – 12,3 мың га (жоспар бойынша 11,1 мың га), мақта – 121,1 мың га (жоспар бойынша 114,7 мың га) егіліп себу жұмыстары аяқталды. 

Жалпы егіс алқабы 23,1 млн гектарды құрады, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 105 мың гектарға артық. 

Өндірісті әртараптандыруға және монокультурадан алшақтауға сәйкес, дәнді дақылдар алқаптары 285,5 мың гектарға қысқарды.

"Басымды дақылдардың өскені байқалады. Мысалы, майлы дақылдар 24,9 мың гектарға, картоп 2,4 мың гектарға, көкөніс 1,7 мың гектарға және жем-шөп дақылдары 448,1 мың гектарға ұлғайды", – дейді министр.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу