Қант тапшылығына байланысты министрліктің "Б" жоспары болды ма?

650

2021 жылы еліміз қанттың 70%-қа жуық көлемін Ресейден әкелген.

Қант тапшылығына байланысты министрліктің "Б" жоспары болды ма?

Ауыл шаруашылығы министрлігі көлік-логистикалық жолдарының өзгеретінін және шикі қантты жеткізу ұзақ болатынын алдын ала болжай алмаған. Бұлай деп Ербол Қарашөкеев сейсенбіде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оған импортқа деген тәуелділікті біле отырып, қант тапшылығын болдырмау үшін министрлікте қандай жоспар болды деген сұрақ қойылды. 

"Ресей Федерациясы жақын маңдағы нарықтарға қант экспортын жабу туралы шешім қабылдағандықтан, ЕурАзЭҚ шеңберінде біз қант және қант шикізаты квотасының көлемін бажсыз әкелуді ұлғайту мәселесін көтердік. Ресей Федерациясында қант жабылады деп ешкім болжай алмады. Өткен жылы Ресейден шамамен 70 пайыз қант әкелдік. Квотаны ұлғайтып, қант зауыттарын қайта жүктеуді қамту сияқты Б жоспары болды. Біз көлік-логистикалық жолдарының өзгеретінін және шикі қантты жеткізу ұзақ болатынын алдын ала болжай алмадық", – деді ведомство басшысы.

Министрдің хабарлауынша, осыған дейін Ресей арқылы қант жеткізу 4-10 күнді алған болса, қазір 90 күнге дейінгі уақытты қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу