Өмірзақ Шөкеев: Бізде қант өндірісі жұмыс істемей қалды

696

Өмірзақ Шөкеев: Бізде қант өндірісі жұмыс істемей қалды

Вице-премьер - ҚР ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Қазақстанға жеткізілетін қант тасымалына берілетін жеңілдік аталған саланың дамуына кедергі келтіріп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2009 жылы кеден одағы құрыла бастаған кезде біздің елге жеткізілетін қант үшін жеңілдік енгізген болатынбыз. Бұл жеңілдік жұмыс істеп тұрғанымен, бізде қант өндірісі жұмыс істемей қалды. Түсінесіздер ме?", - дейді Өмірзақ Шөкеев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

АШМ басшысының айтуынша, Қазақстанға көршілес мемлекеттер қант өндірісін айтарлықтай арттыра бастаған.

"Осы уақыт аралығында Ресей мен Беларусь қант өндірісін екі есеге арттырды. Егер біз бұл жеңілдікті алып тастамасақ, біз қант өндірісін мүлде жоғалтып аламыз. Біздің әріптестеріміздің өзі бізді қанттарымен көміп тастайды", - дейді Өмірзақ Шөкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу