Қаңтар айында елімізде тіркелген көліктер саны 27%-ға өсті

514

Жылдың басында 126,9 мың автокөлік есепке қойылды.  

Қаңтар айында елімізде тіркелген көліктер саны 27%-ға өсті Фото: qarmaqshy-tany.kz

Биылғы қаңтарда есепке 126,9 мың бірлік автокөлік құралы қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, жеңіл автомобильдер 25,9%-ға, жүк автомобильдері 39,5%-ға артты, автобустар 2 есеге артқан.

"Осылайша, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 518,7 мың бірлікті құрады (01.02.2022 – 4 308,6 мың), оның ішінде 87,9% – жеңіл автомобильдер, 10% – жүк автомобильдері, 2,1% – автобустар", - дейді мамандар.

Айта кетерлігі, 2023 жылғы қаңтарда 844 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1274 адам зардап шеккен. Дегенмен, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 2,7%-ға азайған.

"2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 4,3 млн  теңге сомасында 7879 сақтандыру төлемін жүзеге асырған", - деді бюро мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу