Қаңтар айында отандастарымыз 684 млрд теңгеден астам қарыз алған

553

2023 жылдың қаңтар айында банктер қазақстандықтарға 684 млрд теңгеден астам қарыз берген, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қаңтар айында отандастарымыз 684 млрд теңгеден астам қарыз алған Фото: egemen.kz

Ұлттық банктің статистикасы бойынша, ең көп несиені Алматы қаласы тұрғындары алған. Қарыз сомасы - 262,1 млрд теңге. Одан кейін елорда тұрғындары – 66,6 млрд теңге және Шымкент – 51,9 млрд теңге мөлшерінде несие алған.

Сондай-ақ несие мөлшері Қарағанды облысында – 34,2 млрд теңге, Ақтөбе облысында – 28,3 млрд теңге және Маңғыстау облысында – 26,2 млрд теңгені құрайды.

Ал несиенің ең аз мөлшердегі көрсеткіші Алматы облысы – 2,1 млрд, Ұлытау облыстарында – 5,2 млрд. 

2023 жылдың қаңтар айында жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық несиенің жалпы сомасы 684,6 млрд теңгені құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу