Қаңтар-мамырда инфляция 2,4 пайызды құрады

520

Қаңтар-мамырда инфляция 2,4 пайызды құрады

2018 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан Республикасында инфляция 2,4%-ды құрады, деп хабарлайды статистика комитеті.

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы бес айда (2018ж мамыр 2017ж желтоқсанға) – 2,9%-ға, азық-түлік емес тауарларына, ақылы қызметтерге 2,1%-дан өсті.

Ағымдағы жылдың басынан (2018ж. мамыр 2017ж желтоқсанға) бағаның өсуі тәтті бұрышқа – 38,7%, қырыққабатқа – 31,8%, қызылшаға – 15,1%, картопқа – 11,1%, жаңадан жиналған жемістерге – 9,7%, сәбізге – 7,8%, құмшекерге – 6,5%, мәйекті ірімшікке – 6,2%, консервіленген сүтке – 5,2%, ірімшік және сүзбеге – 4,7%, кофеге – 4,6%-ға, сары майға, қышқыл сүт өнімдеріне – 3,8%-дан, жылқы етіне – 3,4%, қой етіне, ет өнімдеріне – 3,1%-дан, жаңа сауылған сүтке, сиыр етіне 3%-дан белгіленді. Бағаның төмендеуі қиярға – 20,7%, қарақұмық жармасына – 18,2%, сарымсаққа – 7,3%, жұмыртқаға – 5,8%, құс етіне – 2%, қара шайға 1,8%-ға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге – 3,4%, автомобильдерге – 3,1%, тұрмыстық аспаптарға – 2,7%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 2,6%-ға, құрылыс материалдарына, жеке қолданатын тауарларға, киім және аяқ киімге – 2,5%-дан, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 2,1%-ға, жиһаз және үйге қажетті заттарға, тоқыма бұйымдарына – 1,9%-дан, кітаптарға 1,7%-ды құрады. Дизель отыны – 5,2%, баллондағы сұйытылған газ 2,8%-ға қымбаттады, ал бензин 0,7%-ға арзандады.

Баға деңгейі құқықтық қызметтеріне, жеке көлiк құралдарын сақтандыру – 6%-дан, денсаулық сақтау – 3,4%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 3,2%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 2,7%, кабельдік телевизия қызметтеріне 2,3%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 6%, қалааралық автобус – 3,6%, темір жол көлігімен – 3,5%, ішкі қалалық автобуспен 3,1%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына, орталықтан жылытуға – 3,5%-дан, қоқыс шығаруға – 3%, ыстық суға – 2,4%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 2,3%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,9%, суық суға – 1,6%, кәрізге 1,4%-ға жоғарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу