Қаңтар оқиғасы: 2,7 мыңнан аса адам зардап шеккен

3463

Оның ішінде 900-ге жуық адам аурухана жатқызылған. 

Қаңтар оқиғасы: 2,7 мыңнан аса адам зардап шеккен

Биыл қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен 2,7 мыңнан аса адам дәрігерлерден көмек сұраған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен 2 740 адам медициналық ұйымға көмек сұрап келді. Оның ішінде 1 843 адамға амбулаториялық көмек көрсетілді, 897 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 188-і реанимациялық бөлімшелерде ем қабылдады. Бүгінде 891 науқас ауруханадан шығарылды", – деді комитет төрағасы брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі таңда стационарларда 6 адам емделіп жатыр, біреуінің жағдайы ауыр. 

"Алматыда 3 адам, Қызылордада 3 адам, жалпы 6 науқас ем қабылдауда. Оның біреуі Қызылордадағы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Оған оқ тиген", – деді Бауыржан Байсеркин.

Сондай-ақ медициналық ұйымдарда 177 адам көз жұмған.

Айта кетейік, биыл 5 қаңтарда елде төтенше жағдай енгізілген еді. Маңғыстау облысы Жаңаөзенде тұрғындар сұйытылған газ бағасының төмендеуін талап етіп, митингке шыққан. Кейін басқа қалалардың тұрғындары митингке шығып, өз талаптарын айта бастады. Кейін бұл жаппай наразылықтарға ұласты.

Кейбір қалаларда әкімшілік ғимараттарға, полиция бөлімдеріне шабуыл жасалды, сауда орындары мен дүкендер тоналды. 

Қаңтар оқиғасынан Алматы қаласы айтарлықтай зардап шекті. Қазақстандағы төтенше жағдай режимі 19 қаңтарда аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу