Қаңтар оқиғасы: Аса ауыр және ауыр қылмыс жасағандардың сотталғаны жөніндегі деректер базада сақталады

772

1500-дей адамға амнистия жарияланады. 

Қаңтар оқиғасы: Аса ауыр және ауыр қылмыс жасағандардың сотталғаны жөніндегі деректер базада сақталады Фото: almaty.tv

Қылмыстық теріс қылық, орташа ауыр және онша ауыр емес қылмыс жасағандардан соттылық алынады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысынан соң Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Аса ауыр, ауыр қылмыс жасағандардың сотталғаны жөніндегі деректер базада сақталады. Олар мемлекеттік қызметке және құқық қорғау органдарына қызметке алынбайды", - деді ол.

Себебі қылмыс жасағандардың сотталғаны туралы анықтамасында рақымшылыққа ілінген деп көрсетілетін көрінеді.

Әсет Шындалиев ауыр, аса ауыр қылмыстар бойынша сот үкімі шығу қажеттігін, одан соң рақымшылық қолданылатынын айтты.

Сондай-ақ, Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, рақымшылыққа ілінгендердің бостандыққа шығатын нақты мерзімі белгісіз. Себебі тергеу органдарының өндірісінде кейбір іс әлі де қаралып жатыр.

Айта кету керек, 2 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев "Рақымшылық жасау туралы" Заңға қол қойды . Осыған дейін Amanat қоғамдық комиссиясының төрағасы, адвокат Абзал Құспан рақымшылыққа іліну үшін арнайы құжат дайындаудың еш қажеті жоқ деген болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу