Банкоматтарға 2 млрд теңге көлемінде шығын келген

1120

Қазақстанда 12 мыңнан аса банкомат бар.  

Банкоматтарға 2 млрд теңге көлемінде шығын келген

Елде қаңтар оқиғасы салдарынан банкоматтарға 2 млрд теңге шығын келген, әрі банкоматтардан 507 млн теңге ұрланған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыдағы 1 мыңға жуық банкомат тек 3 банкке тиесілі: Halyk Bank, Kaspi Bank және ForteBank.

Ұлттық банктің дерегінше, 2021 жылғы қыркүйектің соңында елде 12,5 мың банкомат болған. Бір жылда олардың саны тек 5 данаға азайған. Ал 5 жылда 2,8 мың данаға немесе 29,3%-ға өскен.

5 жыл бұрын Cash-In функциясы бар банкоматтардың үлесі 16,4% болса, ал 2021 жылғы қыркүйекте ол 45,5%-ға немесе 5,7 мың данаға артты.

Елдегі 10 банкоматтың үшеуі 2021 жылғы қазанда елорда мен Алматыда орналасқан: 1,5 мың және 2,4 мың дана. Сондай-ақ банкоматтардың едәуір бөлігі Қарағанды облысына (1 мың дана) және Түркістан облысы мен Шымкент қаласына (1,1 мың дана) тиесілі.

Екінші деңгейлі банктердің ресми дерегінше, 2022 жылғы 18 қаңтарда елдегі 22 банктің 13-інде жалпы 10,1 мыңға жуық банкомат желісі бар. Halyk Bank ең үлкен банкомат желісіне ие (3,7 мың дана). Кейін тізімде Kaspi bank (2 мың дана) және Jusan (979 дана) тұр.

Банктердің әрбір алтыншы банкоматы Алматыда орналасқан (1,5 мың дана). "Атамекен" ҰКП мәліметінше, тәртіпсіздіктерден Қазақстан бойынша жалпы 1 823 бизнес субъектісі зардап шеккен, оның 1 573-і Алматыда.

Елдегі толқулардан 86 қаржы субъектісі зардап шекті. Tengrinews.kz дерегінше, алдын ала есептеулер бойынша 2021 жылғы 18 қаңтарда банктерге 4,1 млрд теңге көлемінде шығын келген. Оның 1,6 млрд теңгесі ұрланған және бүлінген банкоматтарға тиесілі (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне сәйкес).

Бүлінген банкоматтардан 507 млн теңге ұрланған. Шығынның жиынтық сомасының 99%-ы Алматыға тиесілі.

Алматыда банкоматтардың басым бөлігі Halyk Bank (389 дана), Kaspi Bank (381 дана) және ForteBank (194 дана) үлесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу