Қаңтар оқиғасы: Ішкі істер министрлігінің өкілі сот барысында не ескерілетінін айтты

573

Сот барысында жағымды мінездемелермен қатар, зардаптың орнын толтыруы да – ескерілетін негіздердің бірі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қаңтар оқиғасы: Ішкі істер министрлігінің өкілі сот барысында не ескерілетінін айтты

"Алматы облысының үш тұрғыны жаппай тәртіпсіздік барысында Талдықорған қаласындағы "Технодом" сауда үйінен сомасы 950 мың теңгеден артық тұрмыстық техниканы жымқырған. Сот күдіктілерге "күзетпен ұстау" түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдіктілердің бірінің екі жас баласы, ал екіншісінің анасының асырауында баласы бар екені, сондай-ақ олардың келтірілген залалдың орнын толығымен өтегені ескеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды.Сондай-ақ сот олардың мінездемелерін, қылмыс жасауына өкінетінін және залалды өтегенін ескеріп, оларды үш жылға бас бостандығын шектеуге соттады", – деді Әділов. 

Ол осыған ұқсас тағы бірнеше мысал келтірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу