Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 13 қару табылды

532

Арнайы операция кезінде қару-жарақ арсеналын тонауға қатысқан 6 адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.      

Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 13 қару табылды Фото: polisia.kz

Олар қарудың бір бөлігін сатып үлгерген, қалғанын жасырып қойған. Оқ дәрілер мен мылтықтарды қаланың шетінде, адам жүрмейтін жерде сақтаған. Аталмыш қоймалардан оптикалық көздеуіштер мен аңшы құралдары табылды.

Тәркіленген қаруға сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс Алматы қалалық Тергеу басқармасында тіркелді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу