Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару көпір астынан табылды

92

Бұл ақпарат ҚР ІІМ сайтына жарияланды.  

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару көпір астынан табылды Фото: polisia.kz

2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде "ұрланған" қару көпір астынан табылды. Алматы облысының полициясы қылмыстық іс қозғады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция мәліметінше, қару Алматы қаласы аумағында, Үлкен алматы каналы арқылы өтетін автокөлік көпірі астынан табылды. 12 калибрлі мылтық көпір астына көмілген.

"Қарудың 2022 жылғы қаңтарда Алматыда қару сататын дүкендердің бірінен ұрланғаны анықталды", – делінген полиция мәліметінде.

Облыстық полиция қылмыстық іс қозғады. Іс прокуратура қызметкерлерімен бірге тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу