Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқтарды заңсыз айналымнан алу бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Заңсыз айналымнан 400 қару, 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынды, 40 қару қоймасы анықталды. Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді, атап айтқанда:
- екі Калашников автоматы;
- төрт тапанша;
- төрт мылтық;
- қызметтік бронежилеттер;
- каскалар мен щиттар бар;
- азаматтар тарапынан 87 қару өз еркімен тапсырылды.
"29 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 845 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері 10 мыңнан астам шаруа қожалықтарын тексеріп, әртүрлі 65 қару тәркіледі", – деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу