"Ресми мәлімет бойынша, қаңтар оқиғасында – 232 адам қаза тапты. Одан кейінгі азаптаулардан 6 адам қаза тапты", – деді Шындалиев.
"Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондықтан қаза тапқандардың аты-жөні тергеу амалдары аяқталғаннан кейін жарияланады", – деді Әсет Шындалев.
"Шынымен 232 адамның тізімі белгілі ме?", – деп сұрады журналистер.
"Енді тергеу жүргізіп жатсақ, біз білетін шығармыз", – деп жауап берді ол.
Тасқын Болатұлы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу