Қаңтар оқиғасы: Үш полицей үтік басқанын мойындады

946

Прокурорлар тергеудің заңсыз әдістерін қолдану бойынша атышулы сегіз істі тергеп жатыр.  

Қаңтар оқиғасы: Үш полицей үтік басқанын мойындады

Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"Барлық жәбірленуші ұқсас әдіспен азапталғанын сипаттады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде арнайы прокурорлар осы іске бес полицейдің қатысы барын анықтады. Олардың үшеуі кінәсін мойындады", – деді Шалабаев онлайн брифингте.

Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар тергеудің заңсыз әдістерін қолдану бойынша атышулы сегіз істі тергеп жатыр. Бұл істер бойынша арнайы және құқық қорғау органдарының 15 қызметкері күдікті деп танылып, оның 9-ы қамауда отыр.

Еске сала кетсек, қаңтар айының басында Қазақстанның батысындағы Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шерулер бүкіл ел бойынша жаппай наразылық акцияларына ұласты. Бірқатар аймақта тәртіпсіздіктер басталды, әкімшілік ғимараттарға, полиция бөлімшелеріне және дүкендерге шабуыл жасалды. Ресми мәлімет бойынша "қаңтар оқиғасында" 220-дан астам адам қаза тапты. 


Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу