Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылардың мақсаты халық арасында қорқыныш туғызу болды

766

Қылмыскерлер мақсатты түрде қару қолданып, стратегиялық және азаматтық объектілерді басып  алып қиратты. 

Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылардың мақсаты халық арасында қорқыныш туғызу болды

Бұл туралы Бас прокуратура Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов, "Қаңтар оқиғасы: тергеу барысы" туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Осы оқиға барысында мақсатты шабуылдың  кесірінен әкімшілік ғимараттары, әуежай ғимараты, телевидениелер, сауда үйлері, азаматтардың мүліктеріне зақым келді. Бұл әрекеттердің мақсаты көшелерге үрей мен халық арасында қорқыныш туғызу. Сондай-ақ, қылмыскерлер жалған ақпарат тарату арқылы елдің тұрақтылығына нұқсан келтіргісі келді",-деді Елдос Қилымжанов.

Оның дерегінше, Қаңтар қырғынын ұйымдастырушылар азаматтарды қорқыту арқылы жаппай тәртіпсіздікке қатысуға тартып, тонауға түскен. Спикердің дерегінше, Полиция органдары мен ҰҚК ғимараттарына ұйымдасқан және жақсы жоспарланған шабуылдар жасаған.

"Қаңтар оқиғалары кезінде ел бойынша 1151 азамат жарақат алып, 3998 қоғамдық тәртіп қызметкерлері зардап шекті. Нәтежиесінде 100 млрд теңгене астам сомаға залал келтірілді. Оның ішінде бизнес субъектілеріне 92 млрд теңге шығын келді. Жүздеген ғимараттар мен көлік өртенді", - деді Елдос Қилымжанов.

Бас прокуратура өкілі Қаңтар оқиғасы кезіндегі қайғылы оқиғалар Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында болғанын жеткізді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу