Қаңтар оқиғасына қатысқан 1 520 адамға рақымшылық жасалды

630

Бас прокуратура "Рақымшылық туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы" реттеу саясатының консультативтік құжатын дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаңтар оқиғасына қатысқан 1 520 адамға рақымшылық жасалды

Бас прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта тергеуде жүрген немесе сотталған 1 520 адамға рақымшылық жасалуы мүмкін, олардың ішінде:

– Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде 391 қылмыстық іс бойынша 383 күдікті ұсталды;

– Сот өндірісінде – 36 іске 102 күдікті бар.

Қазірдің өзінде 1 035 адам сотталған, олардың 93-і жазасын өтеп жатыр, сондай-ақ, 930-ы пробацияда, тағы 9 азамат қоғамдық жұмыстарға тартылған, 3-уіне айыппұл салынды.

Қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан толық босату ұсынылады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін.

Бұл ретте Заң жобасы мемлекетке опасыздық жасауға, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға, террористік қылмыстарға, экстремистік қылмыстарға, азаптауларға байланысты қылмыстар жасаған, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

Құжат 14 қазанға дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасауды ұсынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу