Қаңтар оқиғасынан Алматыдағы ломбардтарға 2,9 млрд теңге шығын келген

1039

Былтыр елдегі әр алтыншы ломбардтың бірі шығынға ұшыраған. 

Қаңтар оқиғасынан Алматыдағы ломбардтарға 2,9 млрд теңге шығын келген

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметінше, 2021 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша елде 602 ломбард тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Саладағы меншікті капиталдың жалпы көлемі 36,4%-ға немесе 40,2 млрд теңгеге артып, 150,5 млрд теңгені құрады.  

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында кірістің жалпы сомасы 25,6 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың қаңтар-маусымының қорытындысымен салыстырғанда көрсеткіш 42,6%-ға немесе 7,6 млрд теңгеге өскен. 

 "Қаңтар оқиғасының" салдарынан еліміздің ломбардтары қатты зардап шекті. Алматы экономикасына көп залал келтірілді.  

Мәселен, Алматы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың 14 қаңтарындағы жағдай бойынша қала ломбардтарына келтірілген алдын ала шығын 2,9 млрд теңгені құрады. Ең көп зардап шеккен Алмалы ауданындағы ломбардтар (35 ломбард, залал – 2,6 млрд теңге), Әуезов ауданында 11 ломбард жойылды.

Қазақстандағы барлық 602 ломбардтың 469-ы 2021 жылдың алғашқы үш тоқсанында жақсы табыс тапты.

Бұл ретте 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 102 ломбард шығынға ұшырады.  Ең көп шығын Авто ақша ломбардында (332,2 млн теңге), одан кейін Tez Lombard (69,6 млн теңге) және Lombard Three A (24,1 млн теңге) болды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу