Қаңтар оқиғасында залал келген шағын және орта бизнес төлем алып жатыр

720

Бүгінгі күні қаңтар оқиғаларының нәтижесінде, алдын ала деректер бойынша, 1 630 шағын және орта бизнес зардап шекті, оларға шамамен 38,6 млрд теңге сомасына залал келтірілген. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қаңтар оқиғасында залал келген шағын және орта бизнес төлем алып жатыр Фото: Максим Морозов

Зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында мынадай жедел шаралар қабылданды:

- ШОК субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу;
- жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;
- салықтық және кедендік тексерулер мен басқа да шаралар тоқтатылды.

"Бүгінгі күні 1 491 ШОК субъектісі жалпы сомасы 8,3 млрд теңгеге төлем алды", – деді Жақсылықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу