Қаңтар оқиғасындағы шабуылдар мен қатысушы адамдар бойынша дәлелдемелер бар

604

Құқық қорғау органдары 5000 нан астам сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. 

Қаңтар оқиғасындағы шабуылдар мен қатысушы адамдар бойынша дәлелдемелер бар Фото: almaty.tv

Оның ішінде терроризм актілері бойынша 27 іс, жаппай тәртіпсіздік бойынша 131, адам өлтіру бойынша 146 іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. 1612 адам күдікті, 787 адам жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылды.  Ұсталғандардың арасында 41 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері, ал  126 адамның адам өлтіру, ұрлық-тонау және қарақшылық жасағаны үшін соттылығы бар. Бұл туралы Бас прокуратура Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Оның сөзінше барлық жасалған шабуылдар мен оған қатысушы адамдар бойынша, олардың аталған қылмыстарға қатыстылығы жөнінде дәлелдемелер бар.

"Тергеу сатысында 296 адамға қатысты қылмыстық іс бар. Олардың ішінде қамауда 136, үй қамақта жетеу, ешқайда кетпеу туралы қолхатта 144 адам, кепілде 17, жеке кепілгерлік бойынша 2 адам", -дейді Елдос Қилымжанов.

Қамауға алынғандардың арасында тиым салынған ағымдардың 46  өкілі бар.  Қамаудағылардың барлығына тамақтану, дәрі-дәрмекпен қамту сияқты ұстаудың тиісті деңгейі қамтамасыз етілген. Жеке жағдайларын ескере, 284 адамның қамауға алынуы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепіл, үй қамаққа және жеке кепілгерлікке ауыстырылды. Қылмыстық істер бойынша тергеу органдары нақты дәлелдемелер жинау, қатысы бар адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде.

"Тек арнайы прокурорлардың істерімен 40 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілген. Барлық істер бойынша 3 мыңнан астам сараптама жүргізілді. 1249 адамға қатысты 552 іс сотқа жолданып, 1113 азамат сотталды. Оның ішінде  423-і жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін сотталды. Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлар болмағанда, жазаны жеңілдету бойынша тапсырмалары орындау мақсатында прокурорлар соттарды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды тағайындауға бағыттауда. Бас бостандығын айыру жазасымен тек 122 адам сотталды. 521 адамның бас бостандығы шектелді, 419 адам шартты жазаға кесілді, қоғамдық жұмыстарға 7 адам, айыппұл 6 адамға, 14 адамға қатысты іс ақталмайтын негіздермен тоқтатылды", деді Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары.

Оның айтуынша, сонымен қатар процесстік келісім ісі кеңінен қолданылуда. Сотталушы кінәсін мойындаған және жазаның түрімен, мөлшерлерімен келіскен жағдайда істерді 10 күн ішінде қарауға мүмкіндік береді. Прокурор 431 күдіктімен кінәні мойындау туралы келісім жасаған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу