Қаңтар-сәуірде шай бағасы 4 пайыз қымбаттаған

725

Қаңтар-сәуірде  шай бағасы 4 пайыз қымбаттаған

Осы жылғы қаңтар-сәуірде өндіруші кәсіпорындар бағасы 2,4%-ға жоғарылады. Бағаның өңдеу өнеркәсібінде - 2,8%, кен өндіру өнеркәсібінде 2%-ға жоғарылау байқалды. Өнеркәсіптік өнім - 2,1%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 5,9%-ға қымбаттады. Бұл туралы ҰЭМ статистика комитеті хабарайды.

Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы дизель отынына - 10,3%, табиғи газға - 5,6%, көмірге - 3,3%, металл кендеріне - 3,1%, мұнайға - 1,5%, мазутқа - 1,1%, бензинге 0,4%-ға жоғарылады, сұйытылған пропан және бутанға 2,2%-ға төмендеді.

Бағаның ферроқорытпаларға - 15,3%, қара металдар илегіне - 5,9%, мырышқа 0,7%-ға жоғарылауы, олардың алюминийге - 3,5%, қорғасынға - 3,4%, мысқа - 2,2%, асыл металдарға 0,9%-ға төмендеуі тіркелді.

Өндірушілер бағасының шайға - 4%, қара бидай ұнына - 3,6%, өсімдік майына - 2,6%, қантқа - 2,4%, күрішке - 1,9%, сүт өнімдеріне - 0,7%, нанға 0,4%-ға жоғарылауы, олардың бидай ұнына - 4,9%, жармаларға - 4,5%, құс етіне - 1,6%, макарон өнімдеріне 1,5%-ға төмендеуі байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу