Қаңтар-шілде аралығында қанша ақша аударылды?

851

Халықаралық ақша аудару жүйелерінің есебі жарияланды. 

Қаңтар-шілде аралығында қанша ақша аударылды?

Ел аумағындағы халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы 2020 жылдың қаңтар-шілде аралығында 26,7 млрд теңге аударылды, деп жазады ranking.kz. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% артық.

Транзакция саны 2,7 есе ұлғайып, 316,8 мыңға жетті. Нәтижесінде бір аударымның түбіртегі шамамен 202,8 мың теңгеден  84,2 мың теңгеге азайды.

ҚР аумағындағы ақша аударымы бойынша "Золотая Корона" көш бастады. Оның ақша айналымы 7,6 млрд теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 21,6% кем. Қазақстандық үлес 41,1%-дан 28,5%-ға қысқарған.

Western Union (1,3 млрд т) мен "Юнистрим" (158,6 млн т) екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.

Танзакция саны бойынша да "Золотая Корона" топ басына шықты. Бұл көрсеткіш 12,4 мыңға жетті. Western Union арқылы 9,5 мың, "Юнистрим" бойынша 0,7 мың транзакция жасалған.

"Золотая Корона" бойынша ақша аударымы шамамен бір жылда 339,2 мың теңгеден 613,4 мың теңгеге дейін өскен.

Western Union мен "Юнистрим" жүйесінің көрсеткіші орташа алғанда шамамен 135,2 мың теңгеден 223,4 мың теңгеге қысқарған.

Бір аударымның ең жоғарғы орташа чегі Contact жүйесінде тіркелген. Аударылған қаражат 1,4 млн теңгені құраған.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу