Қаңтарда инфляция деңгейі – 0,7%-ды құрады

1167

Бір жылдағы инфляция – 8,5%.  

Қаңтарда инфляция деңгейі – 0,7%-ды құрады

Биыл қаңтарда Қазақстандағы инфляция деңгейі 0,7% болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2022 жылғы қаңтарда азық-түлік тауарларына бағасы 1%-ға (бір жылда 9,9%), азық-түлік емес тауарлар бағасы 0,3%-ға (8,5%), ақылы қызметтер бағасы 0,6%-ға (6,8%) өсті.

"Биыл қаңтарда 2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда жаңа піскен көкөністер – 8,6%-ға, картоп – 4,2%-ға, жаңа піскен жемістер – 2%-ға, жармалар – 1,2%-ға, кептірілген жемістер мен жаңғақтар – 1%-ға, ұн – 0,9%-ға, тауық – 0,8%-ға, макарон өнімдері, бөлке және ұн өнімдері, пастерленген сүт – 0,7%-ға, құмшекер, нан, қышқыл сүт өнімдері, күріш – 0,6%-ға қымбаттаған. Темекі өнімдерінің бағасы – 1,6%-ға өссе, жұмыртқа – 0,6%-ға төмендеген", – деп жазылған хабарламада.

Автомобиль бағасы – 3,5%-ға, тұрмыстық аспаптар – 1,6%-ға, жуу және тазалау құралдары, фармацевтикалық өнімдер – 0,8%-ға, жеке пайдалануға арналған тауарлар – 0,7%-ға қымбаттаған. Баллондағы сұйытылған газ – 22,7%-ға, дизель отыны – 1,3%-ға арзандады.

"Нотариус қызметтері, автосақтандыру бағасы – 5%-ға, денсаулық сақтау қызметтері – 0,7%-ға, монша – 0,6%-ға, кабельді теледидар – 0,4%-ға өсті. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 3,7%-ға көтерілді", – деп жазылған хабарламада.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық суға тариф – 0,4%-ға төмендеді.

Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстандағы инфляция деңгейі 8,4% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу