Қаңтарда қазақстандық шаруалар 170 млрд теңгенің өнімін өндірді – ҚР АШМ

722

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында 2021 жылдың қаңтар айындағы агроөнеркәсіп кешенінің даму динамикасы туралы хабарлады.

Қаңтарда қазақстандық шаруалар 170 млрд теңгенің өнімін өндірді – ҚР АШМ

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі қаңтар айында 2,5%-ға артып, 170 млрд теңгеден асқан, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтемемен.

Өсім мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 2,7%-ға, яғни, 158,4 млрд теңгеге дейін ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Биыл жылдың алғашқы айында сойылған мал еті өндірісі 5,3%-ға, сүт өндірісі 3,8%-ға өсті. Қаңтар айында 10,2 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өнімі өндірілді. Жалпы өсім көлемі жылыжай шаруашылықтарына тиесілі.

Азық-түлік өндірісі қаңтар айында 0,8%-ға, яғни, 142,1 млрд теңгеге дейін өсті. Атап айтқанда, өсімдік майының өндірісі 26,7%-ға (33 тоннадан 42 мың тоннаға дейін), қызылша қанты 25,1%-ға (4,6-тоннадан 5,8 мың тоннаға дейін), сары май 16,3%-ға (1,4 мың тоннадан 1,6 мың тоннаға дейін), өңделген сүт 3,2%-ға (48,2 мың тоннадан 49,7 мың тоннаға дейін), ірімшік пен сүзбе 0,8%-ға
(2 358-тоннадан 2 377 тоннаға дейін) ұлғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу