Қаңтарда Mobius-тің мобильді қосымшасы іске қосылады

849

Mobius жүйесі арқылы теміржол кассирлерінің заңсыз әрекеті шектелмек.  

Қаңтарда Mobius-тің мобильді қосымшасы іске қосылады

Кассирлер босаған теміржол билеті туралы ақпаратты күту парағына тіркеуге міндеттелген. Бұл туралы орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдыкөзов мәлімдеді.

Ол алдағы мерекелердің қарсаңында теміржол тасымалы қалай ұйымдастырылатынын айтты.

Mobius жүйесінің адам факорына жол беріп, кассирлердің қызметін асыра пайдалануға қолайлы болған тұстары жойылды. Бүгінде жүйе бұл жағынан барынша жетілдірілді.  Биыл күту парағы арқылы билет алу жүйесі іске қосылды.  Яғни, бос орын болмаған жағдайда жолаушы күту парағына тіркеледі.  Осылайша босаған билетті ешбір делдалсыз, кезек сақтай отырып, ашық түрде сатып алады. Биылдың өзінде аталмыш қызметке 80 мыңнан астам жолаушы жүгінген.

"Жаңа тәртіп бойынша кассирлердің қызметін асыра падалану мүмкіндігі шектелді. Олар босаған орынды күту парағына тікеуге міндетті. Күту парағында билет күтіп отырған адамдар қандайда бір орын босағанда бірден көретін болады", – дейді ол.

Асылхан Қалдыкөзов аталмыш жүйені жетілдіре түсу үшін мобильді қосымшасын да жасап жатқандарын айтады.

"Mobius жүйесін дамыту аясында мобильді қосымша енгізу жоспарланып отыр. Қазір жастармен бірге егде адамдар да интернетті белсенді пайдаланады. Сондықтан мобильді қосымша қаңтарда іске қосылады", – деді компания өкілі.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу