Қаңтарда ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты

1074

Достастық елдерінде 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы қаңтармен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3% артты.

Қаңтарда ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты

2019 жылғы қаңтардағы ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы байқалды, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

ТМД статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы қаңтармен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3% артты (2018 жылғы қаңтарда – 3,1%).

Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда  1% артты (2018 жылғы қаңтарда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 0,8%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 2,4% төмендеді (2018 жылғы қаңтарда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 0,8% артты).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу