Азаптау дерегі бойынша қанша іс тергеліп жатыр?

954

Биыл 17-23 қаңтар аралығында ІІМ-нің сенім телефонына 544 хабарлама түскен. Оның 448-і консультативтік-анықтамалық сипатта болған. Олардың әрқайсысы бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар берілген.

Азаптау дерегі бойынша қанша іс тергеліп жатыр?

Қазақстанда азаптау дерегі бойынша 7 сотқа дейінгі және 20 қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Полицейлердің үстінен төмендегі шағымдар түскен:

- Азаматтарды ұстау және жеткізудің 46 фактісі, оның ішінде ұсталған туыстарын іздеу бойынша 18 өтініш.

Ішкі істер министрлігі әрбір ұсталған азаматқа неге ұсталғанын, заң бұзушылықтың мәні түсіріндірелітінін атап өтті.

- Ұялы телефондарды тексерудің 28 фактісі.

"Қылмыстық кодекстің 255-бабы (терроризм актісі), 269-бабы (ғимарат пен құрылысқа шабуыл), 272-бабы (жаппай тәртіпсіздік) бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында барлық телефон тәркіленді. Рұқсат берілген тексеруден кейін олардың мүлкі қайтарылатыны хабарланды. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша қызметтік тергеулер жүргізіледі", – деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.

Ішкі істер министрлігінде азаматтарға қатысты күш қолданудың әрбір фактісі мұқият зерделенеді. 27 хабарлама бойынша Қылмыстық кодекстің 146-бабы ("Азаптау") бойынша 7 сотқа дейінгі тергеу басталды, 20 дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері бойынша төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

14-02 (тәулік бойы жұмыс істейді),

8 (7172) 71-41-09 сенім телефоны.

Сондай-ақ министрдің блогына, фронт-офистерге, өзіндік қауіпсіздіктің аумақтық бөлімшелеріне хабарласа аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу