Қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталы ақылы болмақ

1443

Төлем жылына бір рет жүргізіледі.

Қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталы ақылы болмақ

Қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталы ақылы болмақ. Бұл туралы сайттың негізгі парақшасында жарияланған. 

Нақтырақ айтсақ, хабарламада "келер жылдан бастап порталдағы қызметтер тиісті шарт жасасып, төлем жүргізгендерге ғана қолжетімді болады" делінген.

Ал байқауға қатысу құны келісімнің бағасына байланысты бекітіледі. 1 млн теңгеге дейінгі тапсырыс үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш, яғни – 2 525 теңге, 10 млн теңгеге дейін – 25 мың 250, 100 млн теңгелік тапсырысқа – 52 мың 500, 1 млрд теңгелік шарт жасасаңыз – 151 мың 500 теңге, ал шектелмеген тапсырысқа 122 айлық есептік көрсеткіш төлеуге міндеттелесіз.

Ескерте кетейін, төлем жылына бір-ақ рет жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу