Капитал тапшылығы жоқ – Ұлттық банк

1293

Реттеуші активтер сапасын бағалау нәтижелерін жариялады.

Капитал тапшылығы жоқ – Ұлттық банк

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірінші орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша 2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша активтер сапасын бағалауға қатысқан банктерде капитал тапшылығы жоқ.

"2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша жүйе деңгейінде, AQR-ға қатысқан жекелеген банктер деңгейінде капитал тапшылығы жоқ екенін растаймыз. AQR-ға қатысушы банктердің салымшылары үшін тәуекел жоқ", – деді Олег Смоляков.

Сондай-ақ  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірінші орынбасары активтер сапасын бағалауға қатысқан банктердің жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

"AQR-ға қатысқан банктерде жағдай тұрақты. 2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша жалпы қаржы институттарындағы капитал қоры 800 млрд теңгені құрайды",– деді Олег Смоляков.

Қорытындылай келе Ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов активтер сапасын бағалау сәтті аяқталғанын хабарлады.

"Банктер активтерінің сапасын бағалауды қорытындылай келе, бағдарлама сәтті өткізілді деп есептейміз. Оның нәтижелерін оң деп бағалаймыз",– деді Есжан Біртанов.

Естеріңізге сала кетсек банк секторы активтер сапасын бағалау 2019 жылдың 1 тамызынан басталған болатын. AQR-ға еліміздегі 14 ірі банк қатысты. Жыл соңында аяқталған бағалау Еуропа Орталық банкінің әдістемесі мен халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу