Қапшағай су қоймасында бес адам құтқарылды

454

Су көлігінің ақауы салдарынан адамдар жағадан 1500 метр қашықтықта қалғаны белгілі болды. 

Қапшағай су қоймасында бес адам құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ

28 мамырда сағат Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында, "Золотые пески" демалыс базасы ауданында шомылуға тыйым салынған орында бес адам отырған үрлемелі құрылғыға  байланған гидроциклдың сынғаны туралы хабар келіп түсті: ер адам 1986, әйел 1984, жігіт 2007, қыз 2006 және кішкентай қыз 2013 жылы туған.

Құтқарушылар оқиға орнына келгенде, үрлемелі құрылғыға мінген адамдар, жүзуге арналмаған зат су көлігінің ақауы салдарынан жағадан 1500 метр қашықтықта қалғаны белгілі болды.

Бесеуі де құтқарылып, жағаға жеткізілді.

Ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД 1 бірлік жүзу құралында 3 құтқарушы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу