Қапшағайда балықтардың қырылуынан 33 млн теңге шығын келді

496

Қапшағай су қоймасында 17 тоннадан астам қаракөз балығы қырылып қалған. Шығын көлемі - 33 млн теңге. Бұл жөнінде "Балқаш-Алакөл"  балық шарушалығы инспекциясының басшылығы хабарлады.  

Қапшағайда балықтардың қырылуынан 33 млн теңге шығын келді Фото: inform.kz

Өткен аптада тиісті зерттеулер басталған еді. "Қапшағай су қоймасындағы су балық үшін қауіпсіз. Шабақ қырылған аумақтарда ластанған су көздері табылған жоқ. Балықтың қырылуына табиғи факторлар немесе жүзу құралдарының, гидротехникалық құрылыстардың механикалық әсері болуы ықтимал" дейді мамандар. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арнайы штаб та құрылды.   

"Сараптамалар нәтижесінде суда қауіпті заттар жоқтығы анықталды. Сонымен қатар алтыншы қарашада институт зоологии мамандарымен тағы да су сынамалары және тірі балық шабақтары алынды. Аталған зерттеулер екі апта ішінде дайын болуы қажет", - дейді "Балқаш-Алакөл" балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Қумашев. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу