Қапшағайда демалыс орнында тоқ соққан бала қайтыс болды

260

Қайғылы оқиға 24 мамыр күні болған.  

Қапшағайда демалыс орнында тоқ соққан бала қайтыс болды Фото: Қапшағай жағажайы / қаза тапқан баланың тәтесі

Қапшағайдағы демалыс орындарының бірінде 11 жасар баланы ток соғып, қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марқұм баланың тәтесі желіге бейнеүндеуі жолдады. Оның айтуынша, жағажайда сымдар салбыраған күйде тұрған.

Белгілі болғандай, балаға көмектесуге барған бірнеше адам да зардап шеккен. 

"Менің жиенім құмға ойнауға кеткен болатын. Ол ілініп тұрған сымды байқамаған болуы керек, салдарынан оны ток соғып, қайтыс болды. Тиісті қорытынды бар. Әжеміздің айқайын естіп, көмекке жүгірген қызды да ток соқты. Оның денесін екінші дәрежелі күйік шалды. Тағы бір жігітті де аздап ток соқты", - дейді қайтыс болған баланың тәтесі.

Қонаев қаласының әкімдігі демалыс аумағындағы электр желілер жекеменшікке қарайтынын мәлімдеді. 

Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 306-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу