Қапшағайдың атауы Дінмұхамед Қонаев болып өзгертіледі

2119

Қалалық мәслихат тиісті шешім қабылдады. 

Қапшағайдың атауы Дінмұхамед Қонаев болып өзгертіледі

Қапшағай қаласы мәслихатының депутаттары қала атауын өзгерту туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында Қапшағай қаласын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне қайта атау ұсынылды.  

Қалалық мәдениет бөлімі басшысының айтуынша, өткен аптада Қапшағай әкіміне елді мекеннің атын өзгерту жөнінде ондаған ұсыныстар түскен.

Депутаттардың дауыс беруі нәтижесінде Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне өзгерту туралы бірауыздан шешім шығарды.

Атын өзгерту туралы соңғы шешімді енді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдауы керек.

Еске сала кетсек, Президент Қазақстан халқына Жолдауында бұл бастаманы қолдаған болатын.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу