Қар аралас жаңбыр жауады: "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді сақ болуға шақырды

218

Бүгін Ақмола, Абай, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауады.

Қар аралас жаңбыр жауады: "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді сақ болуға шақырды Фото: Видеодан скриншот/qaj.kz

Кей жерлерде қар күтіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.

"Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз", – делінген "ҚазАвтоЖол" мекемесі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар бүгін таңғы 08:00-де республикалық маңызы бар "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахманов қайнары" автожолының 7-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушановское ауылы – Алтай қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері мен жазғы дөңгелекпен жүретін көліктерден басқа барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу