Қар көшкінінен қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 7 млн теңгеге дейін өтемақы төленеді

890

Қар көшкінінен қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 7 млн теңгеге дейін өтемақы төленеді

Жамбыл облысында қар көшкінінен қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 7 млн теңгеге дейін өтемақы төленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай және моральдық қолдау көрсетілді. Мұнан бөлек, әрбір отбасыға 5 жылдық ақшалай табыс көлеміндегі бір реттік өтемақы төленетін болады. Ол орташа есеппен шамамен 4-тен 7 миллион теңге көлемінде болмақ. Қазір ол жақта тергеу органдарының өкілдері жұмыс істеуде. Нақты қорытынды комиссия жұмысы аяқталған соң жазбаша түрде беріледі", – деді Сәкен Жасұзақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу