Қар мен көктайғақ жолдағы қозғалысты қиындатуы мүмкін

347

Қолайсыз ауа райына байланысты көріну қашықтығы нашарлайды.

Қар мен көктайғақ жолдағы қозғалысты қиындатуы мүмкін Фото: el.kz

2 қарашада Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар түседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы ықтимал.

Жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда қауіпсіз арақашықтықты сақтауға және жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауға кеңес беріледі. Сондай-ақ оқыс маневр жасаудан аулақ болу қажет.

Республикалық автожолдардың жай-күйі туралы тәулік бойы ақпаратты 1403 нөмірі арқылы алуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу