Қара алтын бағасы өсті

584

Brent сұрыпты мұнай фьючерстері 0,3 пайызға қымбаттап, баррелі 64,03 долларды құрады.

Қара алтын бағасы өсті

Эталон маркалы мұнай бағасы сәрсенбі күні көтерілді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Дегенмен Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығуы қара алтын өндірісіндегі іркіліске әкеліп соғып отыр. Сарапшылардың айтуынша, қара алтын бағасының өсуіне Қытай мен АҚШ тараптарының сауда келісімін жасауға ұмтылуы ықпал еткен.  

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent сұрыпты мұнай фьючерстері 0,3 пайызға қымбаттап, баррелі 64,03 долларды құрады. Нью-Йорк биржаларында электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,4 пайызға көтеріліп, барреліне 57,00 долларды құрады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу