"Қара алтын" бағасы көтерілді

720

Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қыркүйегіндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,5 пайызға көтеріліп, баррелі 64,02 доллар болды.

"Қара алтын" бағасы көтерілді

АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің пайыздық мөлшерлемені азайтуы туралы ақпаратынан кейін қара алтын бағасы көтерілді. Бірақ ресми Вашингтонның мұндай қадамға бару-бармауы 31 шілде күні белгілі болады. Негізі, Ақ Үй 2008 жылдан бері пайыздық мөлшерлемені түсірмей келеді. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қыркүйегіндегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,5 пайызға көтеріліп, баррелі 64,02 доллар болды. Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында тамыздағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 28 центке өсіп, барреліне 57,15 долларды құрады.

Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасы осы айда екінші мәрте құлдырауы мүмкін. Оған, біріншіден, әлемдік экономиканың келешегіне деген күдік, ал екіншіден, Ормұз бұғазы төңірегіндегі ахуал әсер етіп отыр. 

АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің басшысы Джером Пауэлл сәрсенбі күні пайыздық мөлшерлемеге қатысты баспасөз мәслихатын өткізеді. Оның мәлімдемесінен кейін, жылдың соңына дейін мұнай нарығының қай бағытта дамитыны және дамушы елдердің алдағы айлардағы тағдыры белгілі болады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу