Қара алтын бағасы аздап төмендеді

430

Brent маркалы мұнай бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 2 центке төмендеп, баррелі 63,24 доллар болды. 

Қара алтын бағасы аздап төмендеді

Сейсенбіде мұнай бағасы арзандады.Осы орайда Халықаралық энергетикалық агенттік Таяу Шығыстағы шиеленіс жағдайында нарықтағы ахуалды тұрақты сақтап қалу үшін қолдан келгенді жасайтынын айтты. 

Reuters агенттігінің дерегіне сүйенсек, Brent маркалы мұнай бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 2 центке төмендеп, баррелі 63,24 доллар болды. Кеше Иран әскерилері британдық мұнай танкерін ұстағаннан кейін, бұл көрсеткіш шамамен 1,5 пайызға өскен болатын. 

Ал Нью-Йорк биржаларында электрондық сауда барысында WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,11 пайызға арзандап, барреліне 56,16  долларды құрады. 

Халықаралық энергетикалық агенттік өкілдері Ормуз бұғазындағы жағдайды жіті бақылап отырғанын алға тартты.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу