"Қара алтын" нарығындағы жағдай тұрақты

575

WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстерінің құны 61,11 доллар болды.

"Қара алтын" нарығындағы жағдай тұрақты

Мұнай баррелі бағасының 61 доллардан асуына Дональд Трамптың мәлімдемесі әсер етті. Нақтырақ айтқанда, америкалық президент Қытаймен жүргізілетін келісссөздерге қатысты ортақ шешім қабылданғанын және шикізат қоры қысқару мүмкін екенін жариялады. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың ақпанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 81 центке қымбаттап, баррелі 67,20 доллар болды.  

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қаңтардағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 59 центке көтеріліп, баррелі 61,11 долларды құрады.

Трамптың айтуынша, тараптар сауда келісіміне ол Си Цзиньпинмен кездеспей тұрып қол қоюы мүмкін. Тағы бір жайт, ОПЕК+ пен оның серіктестерінің шикізат өндірісін қысқарту туралы шешім қабылдауы нарыққа айтарлықтай серпін беріп отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу