Түркістандық тұрғын құны 100 млн теңгелік 11 ителгіні заңсыз әкетпек болды

485

"Целинный" өткізу пунктінде шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні контрабандалық жолмен әкету әрекетінің жолын кесті.

Түркістандық тұрғын құны 100 млн теңгелік 11 ителгіні заңсыз әкетпек болды Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Шекара қызметі сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар түрлерін ел аумағынан заңсыз әкету фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, 2026 жылғы 31 қазанда Түркістан облысындағы "Целинный" өткізу пунктінде шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні контрабандалық жолмен әкету әрекетінің жолын кесті. Тексеріс барысында Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.

Тәркіленген құстардың қара нарықтағы құны 100 млн теңгеден асуы мүмкін.

Аталған факті бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу