Қара теңізде екі кеме өртенді

1148

Новороссийск теңіз құтқару-үйлесіру орталығы оқыс оқиға салдарынан 11 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Тағы жеті адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Қара теңізде екі кеме өртенді

Қара теңіздегі Керчь бұғазы аумағында Танзания жалауы астындағы екі кеме өртенді. Алдын ала болжамға қарағанда,  олардың біреуінде жарылыс болған, деп хабарлайды ТАСС-қа сілтемемен ҚазАқпарат.

Новороссийск теңіз құтқару-үйлесіру орталығы оқыс оқиға салдарынан 11 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Тағы жеті адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Төтенше қызметтегі дереккөздің айтуынша, кем дегенде 11 адам ажал құшқан. Сондай-ақ Росморречфлот, "Кандий" кемесінде 17 адам болған, оның жетеуі ­­ – Түркияның, сегізі Үндістанның азаматы. Ал екінші "Маэстро" кемесінде – 14 адам, жетеуі ­­­– Түркия және жетеуі Үндістан азаматы.

Өрт бір кемеден екіншісіне сұйық отынды берген кезде техникалық қауіпсіздікті  сақтамаудан  шығуы мүмкін деп болжам жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу