Қарабақ бойынша бес жақты кездесу өтті

420

Кишеневте, еуропалық саяси қоғамдастық саммиті аясында Армения, Әзербайжан, Германия, Франция басшылары мен Еуропалық Кеңес басшысы Таулы Қарабақ тұрғындарының қауіпсіздігі мәселелерін талқылады. 

Қарабақ бойынша бес жақты кездесу өтті Фото: newsarmenia.am

Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Германия канцлері Олаф Шольц, Франция президенті Эммануэль Макрон мен Еуропалық Кеңестің төрағасы Чарльз Мишель еуропалық саяси қоғамдастық саммиті аясында кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Олар аймақтық көлік және экономикалық инфрақұрылымның құлпын ашу, екі ел арасындағы шекараларды делимитациялау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру туралы келісім, Таулы Қарабақ халқының құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі, тұтқындармен алмасу және басқа да гуманитарлық мәселелерді талқылады.

"Прага мен Брюссельден кейін біз Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынастарды қалыпқа келтірудің барлық тұстарын талқылауды жалғастырдық.  Міндеттемелерді орындау маңызды", - деп жазды Чарльз Мишель Twitter-де.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу