Қарабақта 60-тан астам жауынгерлік позиция Әзірбайжанның бақылауына өтті

439

Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қарабақта 60-тан астам жауынгерлік позиция Әзірбайжанның бақылауына өтті Фото: Риа Новости

Қарабақта лаңкестікке қарсы операциялар барысында 60-тан астам жауынгерлік позиция Әзербайжан қарулы күштерінің бақылауына алынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты trthaber-ге сілтеме жасап. 

Кеше Әзербайжан Қарабақтағы конституциялық құрылымды қалпына келтіру мақсатында антитеррорлық операция бастады.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі операцияға қатысты соңғы мәліметтерді жариялады. Онда:

"Армения қарулы күштеріне тиесілі 20-ға жақын әскери көлік, 40-тай артиллериялық қондырғы, 30-ға жуық миномет, 2 зениттік-зымырандық бөлімше, 2 "Мартира" радиоэлектронды ұрыс стансасы және басқа да әскери техника залалсыздандырылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министрлік жасаған мәлімдемеде Армения қарулы күштерінің 60-тан астам жауынгерлік позициясы Әзербайжанның бақылауына өткені айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу