Қарабақтағы қақтығыста 200-ге жақын Әзербайжан әскері шейіт болды

514

 Бүгін Әзербайжан халқы шейіт болған сарбаздарды еске алып жатыр.

Қарабақтағы қақтығыста 200-ге жақын Әзербайжан әскері шейіт болды Фото: Anadolu Agency

Әзербайжан Денсаулық сақтау министрлігі Қарабақтағы лаңкестікпен күрес операциясында 192 Әзербайжан әскерінің шейіт болғанын хабарлады. Ал 511 әскери қызметкер мен 1 бейбіт тұрғын жаралан.

Анадолы агенттігінің хабарлауынша, Әзербайжан Денсаулық сақтау министрлігі Қарабақтағы лаңкестікке қарсы операция кезінде шейіт болған Әзірбайжан сарбаздарының санын жариялады:

- "Жергілікті лаңкестікке қарсы іс-шаралар барысында Әзербайжан Республикасы Қарулы Күштерінің 192 сарбазы шейіт болды. Шейіт болған сарбаздардың 180-і Ұлттық қорғаныс министрлігінің, 12-сі Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері”.

Шейіт болған 11 сарбаздың кім екені сот-медициналық сараптама мамандарының генетикалық сараптамасынан кейін анықталады.

Сондай-ақ, операция барысында 511 сарбаз жараланған.

Мәлімдемеге сүйенсек, Армения әскері жаудырған оқ нәтижесінде 1 бейбіт тұрғын қаза тапқан және 1 азамат жараланған.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі шейіт болған 180 сарбаздың есімін жариялады. "Отан үшін от кешкен әрбір жауынгер – батыр" делінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу