Қарабақтағы қазіргі жағдай: Шойгу Тегеранға не үшін жиналды?

462

Армения Қорғаныс министрлігі бүгін Әзербайжан шекарасындағы 14.00 (Астана уақытымен 16.00) жағдай салыстырмалы түрде тұрақты деп хабарлайды.

Қарабақтағы қазіргі жағдай: Шойгу Тегеранға не үшін жиналды? Фото: eadaily

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта "аймақтық терроризмге қарсы операция" туралы жариялағанын еске саламыз. Осы операция барысында Әзербайжан израиальдік дрондарды қолданған, деп жазады inbusiness.kz.

Осыдан бір күн бұрын ғана Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасанов Израиль Қорғаныс министрлігінің Бас директоры Эял Замир бастаған Бакуге ресми сапармен келген делегациямен кездескен еді. Ал бүгін әскери бақылаушылар Әзербайжан тарапы Қарабақ Мартакерт бағытында Израильде шығарылған IAI Harop дрондарын белсенді қолданып жатқанын байқады, деп хабарлайды.

Осы сағаттарда Степанакертке іргелес жатқан елді мекендер қарқынды зымыран-артиллериялық бомбалармен атылып жатыр.

Сонымен қатар, Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Иран астанасы Тегеранға іс-сапармен кетті. Кейбір әскери сарапшылардың ойынша, ресейлік тарап Қарабақтағы әскери шабуыл аясында иран-әзербайжан қарым-қатынасының тұрақтылығы үшін сөз сөйлейді, яғни Тегеранның Бакуға қарсы әрекеттерін болдырмауға тырысады. 

Кремль әзірге әзербайжандық ескертуді естіген-естімегені жайлы ресми ақпарат берген жоқ, бірақ Бакумен үнемі байланыста екенін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу