Биыл сәуірде есірткі өткізуді деген айыппен Қазақстанның үш азаматына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олар Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
"Атап айтқанда, ҰҚК қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен оның екі сыбайласын ұстады. Тінту кезінде 4 кг "мефедрон", 14 г кокаин, 500 г ауған гашиші, 15 г кетамин және 200 марка "LSD" тәркіленген. Тергеу барысында сотталғандардың интернет-алаңы арқылы Қарағанды, Астана және Ақтөбе қалаларына аймақаралық есірткі жеткізуді ұйымдастырғанын анықтады. Есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда", - деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі.