Қарағанды әуежайында заңсыз қосалқы бөлшек өткізбек болған түрік азаматы ұсталды

358

Шетел азаматына 30 АЕК немесе 103 500 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Қарағанды әуежайында заңсыз қосалқы бөлшек өткізбек болған түрік азаматы ұсталды Фото: ҚР МКК

20 тамызда "Әуежай-Қарағанды" кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ "Қарағанды" шекаралық бақылау бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қарағанды қаласының "Сары-Арқа" халықаралық әуежайында Түрік Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлады inbusiness.kz Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Антальядан әуе рейсімен келген және жасыл дәліз арқылы кедендік шекарадан өткен жолаушының қол жүгі мен багажын Кедендік бақылау барысында тауарлардың декларацияланбаған коммерциялық партиясы (технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер) анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 551-бабының 1-бөлігі бойынша тауарларды кедендік декларацияламағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, 30 АЕК немесе 103 500 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды. Алынған тауарлар уақытша сақтау қоймасына орналастырылды, кедендік декларациялауды және тиесілі кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді жүзеге асыру мақсатында тауарлардың кедендік құнын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Департаментте Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізудің бірыңғай тәртібі (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы "Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы" № 107 шешімімен бекітілген) қолданылатынын еске салды. Шешімде жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құндық, салмақтық және/немесе сандық нормалары бекітілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу