Қарағанды аяқ киім фабрикасы Сбербанктен 60 миллион теңге несие алды

1321

Қарағанды аяқ киім фабрикасы Сбербанктен 60 миллион теңге несие алды

Сбербанк "Қарағанды аяқ киім фабрикасы" ЖШС-не несие желісін ашты. Фабрика бұл қаржыға табиғи былғарыдан жасалған жоғары сапалы аяқ киім шығарады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
"Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту ресурстар мен өндірістердің себебінен үлкен әлеуетке ие, - дейді "Сбербанк" АҚ ЕБ басқармасы төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Ельдар Тенизбаев. – Ресми статистикаға сәйкес қазақстандық аяқ киім фабрикалары халықтың ішкі сұранысының тек 4%-ын ғана қамтамасыз етеді, ал қалған сұраныс импорт есебінен қамтылады. Біз "Қарағанды аяқ киім фабрикасымен" серіктестіктен үлкен үміт күтеміз. Сонымен қатар отандық тауарлар масс-маркеттің және сатып алушылардың  көңілінен шығады деп сенеміз".
"Қарағанды аяқ киім фабрикасы" Total Quality технологиясын қолдану арқылы жоғары сапалы жұмыс аяқ киімін 90% қазақстандық шикізаттан өндіреді. Жақын арада фабрикада көпшілікке арналған аяқ киім өндірісі іске қосылатын болады. Жоба шетелдік өндірушілердің импортталатын өнімдерін отандық өнімдермен алмастыруға мүмкіндік бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу